Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау тұрғындарын тыныштық сақтауға үндеді (видео)

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау тұрғындарын тыныштық сақтауға үндеді (видео)
ашық дереккөз
Өңір басшысы облыс тұрғындарын тыныштық сақтауға, жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі. «Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер! Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қаяу түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн. Біз кез келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз. Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру, заң мен құқықтық нормаларды бұзу - жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі, мәселені шешпейді. Баршаңызды сабыр сақтап, ел тыныштығын бұзбауға шақырамын. Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір - ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы», - делінген әкімнің үндеуінде. Оның айтуынша, қазір әсіресе арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет. «Бәріміздің мақсатымыз бір. Халқымыз адал еңбек етіп, атқарған жұмысына сай еңбекақысын алып, ертеңіне сеніммен қарап, сыйластықта өмір сүруді қалаймыз және оны жүзеге асыру үшін жұмыстанудамыз. Кәсіпорындарда тыныштық пен тұрақтылықтың болғаны бәріміз үшін де тиімді. Қазір Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен рухани тазару айы. Біз Сіздермен осыған дейін бірлескен күш-жігеріміздің арқасында талай сын-сағаттардан өттік, оған тарих куә. Бұл түйткілді де ауызбіршілікпен, ынтымақпен еңсереміз деп сенемін. Халқымыз тыныш, ел іргесі – бүтін болсын», - дейді Нұрлан Ноғаев. Еске сала кетейік, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 80-ке жуық жаңаөзендік жиналған.  Наразылық жиынның екінші күні Астанадағы арнайы жасақ жұмыссыздарды ұстап әкетті. Оны естіген Жаңаөзен халқы үдере тұрып, орталық алаңға жиналды. Түнді Жаңаөзен алаңында өткізгендерді ертеңгісін арнайы жасақ "жол қозғалысына кедергі келтіруде" деген айыппен ұстап әкетті.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ ақпарат агенттігі (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар