Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ең құрығанда енесінің туған күнінде келін сияқты жүрмейді ма?":Айдарбекованың қос келіні көпшіліктің сынына қалды

"Ең құрығанда енесінің туған күнінде келін сияқты жүрмейді ма?":Айдарбекованың қос келіні көпшіліктің сынына қалды
ашық дереккөз
Көпшілікке Айдарбековтер отбасының қос келіні жақпай қалды
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың туған күніне жақындары тосын сый жасады. Шоу-бизнес өкілінің ұлдары мен келіндері алғашқылардың бірі болып құттықтады, деп жазды  «КҮН.КЗ» тілшісі. Гүлзира Айдарбекованың ұлы Заңғар Нұртас анасының туған күнімен қалай құттықтағанын Инстаграм парақшасында көрсетті. Бақытты сәтінен фото мен видео жариялап, көпшілікті қуантты. Бейнежазбадан продюсерді түнгі сағат он екіден кейін құттықтауға жақындары келгенін көруге болады. Олар туған күн иесін гүл шоқтары мен сыйлықтарға көмкеріп, өз ақ тілектерін айтқан. "Ана мейірімі, жылуы, сезімі, көңілі, уайымы, тілегі бөлек дүние! Шүкір, жақындарым қасымда. Гүлзира Айдарбекова туылған күніңізбен", -деп жазды Заңғар Нұртас. Алайда Айдарбекованың қос келіні көптің көңілінен шықпай қалды. Желі қолданушылары атасының үйінде жүрген келіндердің сыртқы бейнесіне сын айтты. "Екінші аналарына осы күні көйлек киіп, орамал тағып құрмет көрсетуге болатын еді. Қанша халық көріп отыр. Шашын жайып билеп жүргені несі", “Келіндері шашын жайып, жалбыратпай, ораза айында, қайын атасының үйінде орамал тағып жүруі керек еді. Көйлек киіп ата-енелеріңді қарсы алмайсыңдар ма? Олар сондай құрметке лайықты кісілер”, – деп жарыса жазды желідегілер.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Zangar Nurtas (@zangaar)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар