Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев: Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік

Тоқаев: Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік
ашық дереккөз
Президен Латын әліпбиіне көшпес бұрын қазақ тіліне реформа жасауымыз керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіруге қатысты біраз мәселенің барын атап өтті. Президен латын әліпбиіне өтбес бұрын қазақ тілін реформалап алуды жөн деді. «Тағы бір өте маңызды мәселе. Бұл қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне қатысты. Бұл мәселе бүкіл қоғамның ықыласын тудырғаны белгілі. Мен бұрын бұл мәселе бойынша талай рет айттым: біз, ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасауымыз керек. Мәселе кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне механикалық түрде көшуде емес. Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік», – деді президент. Сондай-ақ, мемлекет  президент латын қарпімен жазылған  қала көшелеріндегі билбордтарға көңілі толмайтынын жеткізді, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар