Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Мақсатқызының киносына түскен актриса жалаңаштануға қалай келіскенін айтты

Баян Мақсатқызының киносына түскен актриса жалаңаштануға қалай келіскенін айтты
ашық дереккөз
Лаура Мырзахметованың күйеуі екі күн ойланған.
Режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Баян Мақсатқызының "Бақыт" фильмінде басты рөлдің бірін сомдаған актриса Лаура Мырзахметова "Қыздар-ай" бағдарламасына қонақ болып, жалаңаштануға отбасы қалай келіскені жайлы айтып берді, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. "Бақыт" фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде “Панорама” секциясының көрермендер көзайымы бойынша бас жүлдесін жеңіп алған. Отандық фильм фестивальде үлкен резонанс тудырған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баяндайтын "Бақыт" фильмі көрермендерден де, халықаралық баспасөзден де көптеген таңданарлық пікірлер алған. Аталған фильмде басты рөлді Лаура Мырзахметова сомдайды. Актриса фильмде сценарий бойынша жалаңаштану керек болған. Өнер иесінің айтуынша, мұндай сахнаға күйеуі екі күннен соң рұқсат берген. "Жолдасым екі күн ойланып келісімін берді. Менің отбасымда басты адам жолдасым болғандықтан мен жолдасымнан рұқсат сұрадым. Ата-анам, бауырларым кіріспейді. Себебі мен кеткен адаммын", -деді актриса. Айта кетейік, “Бақыт” фильімінің негізгі сюжеті біздің еліміздегі кішкентай қалашықтағы бір отбасының ұзақ жылдар бойы келе жатқан зорлық-зомбылық әрекетін көрсетеді. Басты үш кейіпкер күйеуі, әйелі және олардың қыздары арасындағы қысым әрекеттері өздерін құрбанға айналдырғанын бейнелейді.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар