Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәуле Әбілдаханқызы: Депутаттар шегіп алады ма? "Бүйрек сатайық" дегендері не? тіс жөндете алмай отырғанда

Сәуле Әбілдаханқызы: Депутаттар шегіп алады ма? "Бүйрек сатайық" дегендері не? тіс жөндете алмай отырғанда
ашық дереккөз
Журналист: Онсыз да кедей халық, шетімізден бір бүйректі мүгедек болармыз
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы  "Бүйрек сатуды заңдастырайық" деген депутаттың бастамасына шүйлікті, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Ол қарапайым халықтың $50 мың долларлап  бүйрек алмақ түгілі бір миллион теңгеге тісін емдетуге шамасы жоқ екенін ашулана айтты. "Біздің депутаттар шынымен тупой ма, әлде шөп шегіп ала ма? "Шетелде бүйрек 50 мың доллар тұрады, давай бүйрек сатуды заңдастырайық" дейді бір депутат. Шетел бүйрек сатса, олардың тұрмыс жағдайы жақсы, кедейі аз, халқы жаппай бүйрек сатып кетпес... оларда қылмыскерлері аз, қылмысы аз, қылмысты ашу жолға қойылған, сот әділ... Бізге рұқсат берсе, кедей халық жаппай бүйрек сатумен айналысып, шетінен бір бүйрегі жоқ мүгедектерге айналатын шығармыз... онсыз да жоғалған бала, жоғалған адам көп, қылмыстың түр-түрі өршіп тұр, қылмыскерлер табылмайды, ұсталмайды, қашып кетеді... сот жүйесі жемқор... Біздің елде бүйрек сатуға рұқсат беру - қылмысты өршітіп, заңдастыру деген сөз ғой... Онсыз да халықтың денсаулығы нашар... Медицинаң - ол анау. Талонның, порталдың соңында жүргенде өзің-ақ біржақты боласың... Бүйрек сатпай-ақ, донорлыққа рұқсат бар. Донор болғысы келген адам науқаспен өзара келісіп, дәрігердің рұқсатымен, донор болып та жүрген шығар. Ал енді "50 мың доллардан бүйрек сатыңдар" деп заң қабылданса, онда, точно, қазақтың тең жартысы не өз бүйрегін сатумен айналысады, не кісі ұрлап, өлтіріп, бүйрегін сатумен айналысады... үш баласын өлтіретін қызылкөз жауыздар енді баласының бүйрегін сату үшін өлтіретін болады... Ал 50 мың долларға бүйрек сатып алатындар кімдер? Отандық және шетелдік байлар, доллоровый миллионерлер, миллиардерлер... яғни "воры в законе" қарақшылар, жемқорлар... Сіз бен бізге ондай бүйрек сатып алу түсімізге де кірмес... бүйрек түгіл, тіс жөндететін миллион теңгеміз бар ма десей әуелі?.. Осындай депутаттар аузын ашқан кезде-ақ тыйып, аузын жауып, тоқтаып тастайтын басқа әріптестері де жоқ қой... анау бәпи, құспандар бұндайларға үндей алмайды... керісінше, қолдап, қолпаштап, заңды жазып, қабылдап беретін шығар...",-деді журналист.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар