Басты жаңалықтар
Ұлытауда қарттар үйінің басшысы зейнеткерлердің ақшасын ұрлаған
- автор kyn.kz
- 14 сәуір, 2023
- 205
Ұлытау облысында әлеуметтік мекеменің басшысы қылмыстық топ құрып, зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысты, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Қылмыстық топқа әлеуметтік мекеменің басшысы, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері кірген. Қазіргі кезде 12 миллион теңгеден астам қаражаттың ұрланғаны анықталып отыр.
"Әлеуметтік мекеме, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
Мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, бұған дейін агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Qamqor" жедел алдын-алу шарасы аясында Абай қ. қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.