Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда 102 жастағы қария жеке куәлігін жаңалады

Таразда 102 жастағы қария жеке куәлігін жаңалады
ашық дереккөз
Қария қазір 80 жастағы қызының қолында тұрады

Таразда 102 жастағы тұрғын мерзімі өткен жеке куәлігін жаңартты. Көші-қон қызметі құжатты қарияның үйіне әкеліп берді.

Кемелбек Шәменов – соғыс ардагері. Ол Түркістан облысына қарасты Шәуілдір ауданында дүниеге келген. Соғыстан кейін түрлі салада еңбек еткен. Ол қазір қызының қолында тұрады. Қызының өзі 70-тен асқан. Өзі 4 баладан 15 немере мен екі шөбере сүйген. Бүгінде Жамбыл облысында 17 соғыс ардагері тұрады. Ал 90 мен 100 жас аралығындағы 10 мыңнан аса адам бар. "Денсаулығы шектеулі азаматтар көші-қон қызметіне өтініш білдірген жағдайда, осындай өзіміздің қызметіміз бойынша жеке куәлік береміз. Бүгінгі мына атамыздың жасы 102-де. Жыл басынан бері осындай 80 мен 100 жас арасындағы 38 қарияға жеке куәлік бердік", – дейді қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы Совет Кенжебаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар