Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бала-шағаны алып, жалғыз өзін тастап кеттім": Аиша ауырғанда Бүркіт қарамай кетіп қалған

"Бала-шағаны алып, жалғыз өзін тастап кеттім": Аиша ауырғанда Бүркіт қарамай кетіп қалған
ашық дереккөз
Жалғыз өзін тастап, жеті күнге кетіп қалдым, дейді әнші.
«Жібек жолы» арнасындағы «Төрлетіңіз» бағдарламасына қазақ эстрадасының танымал жұптары қонақ болды. Бағдарлама жүргізушілері Ләйла Сұлтанқызы және Арман Давлетяров, ал Тоқтар Серіков және Бейбіт Сейдуалива, Арман мен Аша, Бүркіт пен Аиша, Құралай мен Мирас қонақта болып, өнер мен өмірлері туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. Ләйла Сұлтанқызы бағдарлама қонақтарына "Әйелдеріңіз ауырғанда сіздер қаншалықты жаныңыз ашып, көмектесіп, дәрісін беріп, қасында боласыздар?- деп сұрақ қойды. Аиша жолдасының өзіне жақсы қарайтынын, жар таңдауда жолы болғанын айтты. "Ол маған өте жақсы қарайды. Бүркіт маған қарағанда қамқор. Менің жолым болды", - деді Аиша. Бүркіт те жақсы жар екенін тілге тиек етті.

"Өзім тамақ дайындаймын, қараймын. Бірақ коронавируспен ауырған кезде бала-шағымды алып, тастап кеткенмін. Бұл кісіні үйде тастап кеттік. Жалғыз өзін тастап, жеті күнге кетіп қалдым. Балалар ауырып қалмасын деп шошып, алып кеттім", деді әнші.

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар