Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«АҚШ тарихында болмаған»: Қазақ жігіті Майамиде үш қарақшыны соққыға жығып, тапаншаларын тартып алды

«АҚШ тарихында болмаған»: Қазақ жігіті Майамиде үш қарақшыны соққыға жығып, тапаншаларын тартып алды
ашық дереккөз
24 жастағы Түркістан облысы тумасының мықтылығына АҚШ полицейлері тамсана қарады
АҚШ-тың Флорида штатында қазақ жігітін үш қарулы қарақшы тонамақ болған. Алайда, жерлесіміз оларға тойтарыс беріп, тапаншаларын тартып алыпты.Ұрлықшыларға қарсылық көрсеткен қазақстандық азаматтың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап 24 жастағы Олжас Қаныбек – Түркістан облысы, Кентау қаласының тумасы. АҚШ-қа келгеніне 1 ай болған. Авиация саласында білім алып жатыр. Төбелес кезінде жерлесіміз бір бұзақыны ұстап, телефонын тәркілеп алған. Полиция қызметкерлерін күтіп тұрған сәтте оның екі досы қайта оралып, Олжасқа шабуыл жасаған көрінеді. "Үшіншісін құтқаруға келген ғой. Маған тағы да шабуыл жасады, сол кезде тапаншамен осы маңдайымнан ұрған болатын. Бір-екі соққы бердім. Сол соққыдан кейін олар қашты. Полиция небәрі екі минутқа кешігіп қалды. Полициялардың айтуы бойынша, олар айтады, біздің 20 жыл, 25 жыл стажымызда бұндай оқиғаны бірінші рет көріп тұрмыз дейді. Мен олардың телефондарын алып қалдым, қару-жарақтарын алдым, видеоға түсірдім",– дейді  Қазақстан азаматы Олжас Қаныбек. "Жүгіріп келіп автомат, пистолеттерін тартып алды. Үшеуін де соққыға жықты. Бәрі таң қалды. Бұндайды бұрын соңды Америкада көрген жоқпыз. Қазақстан!",- деді америкалық полицей.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар