Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Кім таниды?": Мешіт тазалап жүрген атақты әншінің видеосы желіде талас тудырды

"Кім таниды?": Мешіт тазалап жүрген атақты әншінің видеосы желіде талас тудырды
ашық дереккөз
"Сауап істі жарияламау қажет" дейді желі қолданушылар.
Әлеуметтік желіде атақты әнші Jah Khalib мешіт тазалап жүрген видеосы тарады, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. TikTok әлеуметтік желісінде тараған видеоны аз уақытта 200 мыңнан аса қолданушы көрген. Ал  жариялаған жігіт оқырмандарға оның кім екенін айтпай, "Кім таниды?" деп сұраған. Желі қолданушыларының көбі оның Jah Khalib екенін айтқан. Әншінің қарапайымдылығына тәнті болғандар жылы лебіздерін жазды. "Міне нағыз мұсылман, танымал екеніне қарамастан Алла тағаланың үйін жинап жүр, міне жігіт", "Үлкен сауап болады ғой", "Бірден таныдым, Jah Khalib", "Жарайсың, не деген қарапайым", - дейді пікір жазғандар. Оқырмандардың бірі мұндай видеоны салуға болмайтынын айтқын. Сауап істі жарияламау қажет дейді оқырман. Оқырмандар видео Алматыдағы Әль-Хамид мешітінде түсірілгенін тұспалдады. Ал видео жарялағын қолданушы "Жұмаға ерте барып, барлық жерді жинап тастадық бірге" деп жазба қалдырған.  
@bakbergens7 Танисыңдарма? #рекомендации ♬ оригинальный звук - SB
    Желі қолданушыларының кейбірі мешіт тазалап жүрген жігіттің Jah Khalib екеніне күмән келтірген. Ал видеоны жариялаған жігіт оған жауап ретінде әншімен бірге түскен суретін жүктеген.  
@bakbergens7 Ответ пользователю @ТаКе 2 Баха❤️‍🩹 #рек #jahkhalib #сарыагаш ♬ оригинальный звук - Mal’teeesssers
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар