Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ер адам басын төмен түсіріп, әйел сөйлеген заман болды": Дастархан басындағы Қарақаттың сөзі елге жақпай қалды

"Ер адам басын төмен түсіріп, әйел сөйлеген заман болды": Дастархан басындағы Қарақаттың сөзі елге жақпай қалды
ашық дереккөз
Желі оқырмандары Қыдырәлі Болмановтың үнсіз отырып, Қарақат Әбілдинаның сөйлеп отырғанын ұнатпаған.
Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова әлеуметтік желідегі парақшасына дастархан басында отырып, тілек айтқан Қарақат Әбілдинаның видеосын салған, деп жазады «КҮН.КЗ» тілшісі. "Расымен Анашымның бар болмысы осы. Жастайынан адамдардың көңіліне көп қарағыш боп өсті. Анасы ерте қайтты. Қиын-қыстау күндері әкемнің ығына көніп, қабағына қарап бақытты отбасын гүлдендіре білген асыл жан. Сәл нәрсеге көңілі босап шыға келеді. Бір арамдығы жоқ. Қарақатыма Алла разы болсын. Үнемі еркелетіп, қолпаштап отырады . Бүгінгі ауызашардың жөні бөлек болды. Сүйкімдінің кіндік әкесі мен анасының үйінде қонақта болдық!"- деп жазды ақын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)

Желі оқырмандары Қыдырәлі Болмановтың үнсіз отырып, Қарақат Әбілдинаның сөйлеп отырғанын ұнатпаған. "Дастархан басында әйелдер сойлеп отыратын заман болды. Негізі ер адамдар сойлеп отыру керек, сонда елімізді билейтин ер адамдар көп болады, отбасын ер адам басқаратын болады. Ер адам сөйлеп отырса соған бала-шағасы да багынып отыратын болады", "Өте дурыс! Негізі дұрыс әңгіме айтып отыр, дегенмен, әйелдердің арасында айтқаны дұрыс сияқты", "Қазір ер адамдарымыз бастарын төмен түсіріп отырады да қояды"- деп жазды оқырмандар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар