Басты жаңалықтар
Жаңақорғанда Білім бөлімінің басшысы мен есепшісі 543 млн теңгені жеп қойған
- автор kyn.kz
- 18 сәуір, 2023
- 259
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша тергеліп жатыр.
"Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды",-делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-прцестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.
Келесі мақала
Шымкентте 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алынды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024