Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Болат Назарбаев "Барыс" базарынан айырылды

Болат Назарбаев "Барыс" базарынан айырылды
ашық дереккөз
Базардың жері мемлекет меншігіне өтті
Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев меншігінде тұрған "Барыс" базарын  мемлекетке қайтарды. Сот шешімімен жалпы көлемі 37,6 гектар жер телімі мемлекетке өтті,  деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі. Сот  баспасөз қызметінің мәлімдемесінде, даулы мәселеге қатысты нақты шешім 17 сәуірде жарияланған. Қарасай ауданы прокуратурасының жер телімдерін сату туралы шарттарды жарамсыз деп тану талап-арызы қарастырылды. Нәтижесінде, Сот қазысы Ахметова А.Б. талап-арызды мақұлдады. Естеріңізге сала кетейік, прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасындағы жер меншігіне қатысты іс наурыз соңында басталған еді. Деректерге сүйенсек, 2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісімшарт жасалған. Мемлекет жерлері әр уақытта Қарасай ауданы, Қаскелең әкімдігі және аудандық жер қатынастары бөліміне берілген. Алайда жер телімдерін беру кезінде өрескел заңбұзушылықтар болған. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп танып, жерді қайтадан мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар