Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Екі жігіт оған ғашық болған": Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген Аружанның қазасына қатысты жаңа деректер шықты

"Екі жігіт оған ғашық болған": Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген Аружанның қазасына қатысты жаңа деректер шықты
ашық дереккөз
9- сынып оқушысын бірнеше жерден пышақтап, үйінің алдындағы каналға ағызып жіберген
Түркістан облысы Төрткөл ауылынының жұрты кісі қолынан қаза тапты делінген Аружан Орынбаеваны соңғы сапарға шығарып салды. Апта бұрын ауылдағы каналдан тоғызыншы сыныпта оқитын өрімдей қыздың денесі табылған болатын. Полицейлердің айтуынша, Аружанды пышақтап, денесін суға лақтырды деген күдікпен сол ауылдағы жоғары сыныптың оқушысы қамауға алынған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі Информбюроға сілтеме жасап. Бірақ марқұмның туыстары күдікті жалғыз ол емес дейді. Олар Аружанның өліміне өзінің тағы біраз қатарластарының қатысы бар деген ойда. Кісі қолынан қаза тапты деген Аружанның өлімінен соң әулеті аза тұтып отыр. Әкесі мен шешесі қыздан жырақ жерде жұмыс істегендіктен, Аружан бірер жылдан бері атасы мен әжесінің тәрбиесінде болған. Тәртібі мен сабағы жақсы деп бағаланған жасөспірім соңғы кезде анасынан жиі ақша сұрап жүріпті. Қазір туыстары бір түнде қыздарынан айырылып қалғанына сене алар емес. "Көкірегінің астына пышақ тыққан. Екі мәрте пышақ тыққан. Содан кейін қолдарын бейтіп кесіп тастаған. Тамырдан кесіп тастаған. Сөйтіп, судан тауып алды ғой, суға лақтырып жіберген де", – дейді Марқұм Аружан Орынбаеваның анасы Динара Селқараева. Аружан тоғызыншы сыныпты бітірген соң ата-анасы оны Астанадағы колледжде оқытуды жоспарлаған екен. Бірақ ол күнге жетпедік деп қайғыдан қан жұтып отыр. Анасының айтуынша, Аружанның өліміне тағы бір жігіттің қатысы болуы мүмкін. Ол қызының сыныптас құрбысының ағасы. Көрші мектепті бітіріп кеткен сол жігіттен үйдегілер түгел күдіктенеді дейді. Сөздерінше бұл жігіт те, қамауға алынған оқушы да жасөспірім қызға сөз салып жүрген. "Сол үйдегілер айтып жатыр да бұл бала кеше жүрді ғой жаназада дейді. Аружанды шығарып салған кезде жүрді сол бала. Еще мына жақтағы судың қасында болған. Өлтірген жерді сумен жуған біреу, бәрін тазалап", – дейді Марқұм Аружан Орынбаеваның анасы Динара Селқараева. Туыстары Аружан үй артындағы мына канал маңында қайтыс болған дейді. Аружанның қас қарая телефонмен сөйлесіп жүргені сол маңайдағы камераға түсіп қалған. Кейіннен оның объективін өрмекшінің ауы торлап, көрінбей қалыпты. Ал таңертең арықтың маңы қанға боялған. Бойжеткеннің денесі канал бойында жасанды бөгеттен табылған. "Анық әлі не себепті өлтіргенін айтқан жоқ бізге. Белгісіз, жұмбақ болып отыр. Біз әрқайсымыз әр түрлі нәрсе топшылап отырмыз. Анадан бір әңгіме, мынадан бір әңгіме естіп, өзімізше топшылап жатырмыз. Ал заң түрінде бізге әлі ешқандай ақпарат берілген жоқ",– дейді Марқұм Аружан Орынбаеваның әпкесі Ақмарал Бекманова. Ал полицейлер бұл іске қатысты әзірге бір ғана күдікті барын айтады. "Күдікті 11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігі "адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды",– деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Нұрман Ағманов. Жаға ұстатар жағдайдан мектеп ұжымы да аң-таң. Педагогтар қайтыс болған қыздың да, оны өлтіруі мүмкін деп ұсталған ұлдың да оғаш әрекеті мен өзара керіскенін көрмедік дейді. Оның үстіне ер бала ерегестен бойын аулақ ұстайтын еді деп отыр. "Төбелеске бармайды бала, қорқақтау. Тіл байлығы зор бала да, тілі бар. Бірақ анандай неге бара алмайды ол. Қол көтеру төбелеске бармайды еш уақытта",– дейді  мектеп психологы Ұлайым Әкімбай. Қалай дегенмен де Аружанның анасы қызын бір ғана оқушы өлтірді дегенге күмәнмен қарайды. Тергеу әділ болса тағы бірқатар қатарластарының қатысы бар екені анықталатынына сенімді. Аружанды азаптап өлтіргендер заң жүзінде тиісті жазасын алсын дейді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар