Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында 4 күннен бері 20-ға жуық ауыл жарықсыз қалған

Ақтөбе  облысында  4 күннен бері 20-ға жуық ауыл жарықсыз қалған
ашық дереккөз
Ақтөбе облысында төрт күннен бері 20-ға жуық ауыл жарықсыз отыр. Дүлей дауылдан алты аудан аумағындағы электр бағаналары құлап, желілері үзілген, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Мамандар жөндеу жұмысының қашан аяқталып, толық жарыққа қай күні қосылатынын нақты айта алмайды. Тек күніне екі-үш ауылды ғана электр желісіне жалғап жатыр. Құлаған бағаналардың көбі елдімекен сыртында. Сондықтан ми батпақта көлікпен жету оңай болмай отыр дейді жұмысшылар. Оған қоса, Ақтөбе облысындағы электр желілерінің 74 пайызы тозған. Ескі сымдар қатты желден бөлек, желілерге мұз қатқан кезде де шыдамаған. Жарығы жоқ ауылдардағы емдеу мекемелері мен мектептер бөлек генераторға қосыпты. Сондай-ақ Ақтөбеде жылу беру маусымы сәуірдің аяғына дейін ұзартылды. Себебі күн тағы суытып, тұрғындар тоңып қалуы мүмкін дейді жауаптылар. "Жол нашарлау болып тұр, кейбір жерлерде. Машина бара алмай батып қалып жатыр. Әсіресе Хромтау жақтарда. Қазір айналысып жатыр, Хромтауға, Алға жақтан да, Қарғалы жақтан да келіп көмектесіп жатыр. Хромтаудың бригадасы үлгермей жатыр. Желі құлайды. Оған кранмен екі адам барады және бірнеше адам барады. Бір бригадада бес адам болады",-дейді Ақтөбе облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Нұрберген Бекеев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар