Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ерлі-зайыптылар жанжалдасып қалған": Желіде 9 метр биіктіктен құлаған акробат әйелдің видеосы тарады

"Ерлі-зайыптылар жанжалдасып қалған": Желіде 9 метр биіктіктен құлаған акробат әйелдің видеосы тарады
ашық дереккөз
Акробат әйел шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды.
Қайғылы жағдай 15 сәуір күні Аньхой провинциясындағы Хоугао ауылында болды, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі Zakon.kz. сайтнына сілтеме жасап.
37 жастағы ерлі-зайыптылар Сунь Муму мен Чжан Муму арқанмен жоғарыға көтерілген сәтте әйел күйеуінің аяғына тұрып, мойнынан құшақтады. Сол кезде әйелдің қолы шығып кетіп, төменге қарай құлап кетті, күйеуі құлап бара жатқан әйелін ұстап үлгермеді, деп жазды New York Post. Акробат әйел шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды. Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде ерлі-зайыптылар жанжалдасып, әйел сақтандыру белдігін пайдаланудан бас тартты деген қауесет тарады. Чжан Муму мұны жоққа шығарды. Оның сөзінше, олар бақытты болған. Ол оқиғаны талдау процесінде болғандықтан, қосымша түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар тәжірибелі әртістер болған және қойылым әсерлі болуы үшін сақтандырудан бас тартқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар