Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өскемендегі жердің бәрі әкімге тиесілі": Даниял Ахметов өзін сынағандарға жауап берді

"Өскемендегі жердің бәрі әкімге тиесілі": Даниял Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
ашық дереккөз
Шығыс Қазақстан облысының әкімі мәжіліс экс-депутатының сөзін жоққа шығарды.
Үкімет отырысында Даниал Ахметов экс-мәжілісмен Берік Дүйсембиновтың Өскеменнің айналасындағы жердің барлығы оған тиесілі деген сөзіне түсініктеме берді. Ол мұны "бос сандырақ" деп атады, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі мәжіліс экс-депутатының сөзін жоққа шығарды. "Бір депутат Өскеменнің төңірегіндегі жердің барлығын менікі деді. Бұл бос сөзден басқа ештеңе де емес. Осылай дер едім. Бұл ақпарат расталған жоқ. Сондықтан бұл сұраққа менің баспасөз қызметім, Жер қатынастары комитеті толық жауап берді", - дейді Даниал Ахметов. 2022 жылдың 28 желтоқсанында "Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы" заң жобасын талқылау барысында мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов қайда барса да, жер әкімдердің меншігінде екенін мәлімдеді. Ол мысал ретінде Шығыс Қазақстан облысын келтіріп, "Өскеменнің айналасындағы жердің барлығы Даниал Ахметовтікі" деді.
"Бір депутат Өскеменнің төңірегіндегі жердің барлығын менікі деді. Бұл бос сөзден басқа ештеңе де емес. Осылай дер едім. Бұл ақпарат расталған жоқ. Сондықтан бұл сұраққа менің баспасөз қызметім, Жер қатынастары комитеті толық жауап берді".
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар