Басты жаңалықтар
"50 миллион керек": Әсел Асқар Гелендваген көлігін алу үшін елден ақша жинап жатыр
- автор kyn.kz
- 19 сәуір, 2023
- 510
Әнші Gelandewagen көлігіне арнап өлең де шығарған.
Танымал блогер, әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар желіде Gelandewagen көлігіне ақша жинап, бір күнде 2,5 миллион теңге жинаған, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Блогердің айтуынша, осындай көлік алу үшін оған 50 миллион теңге керек.
Алайда, оның бұл әрекеті халықтың ашуын тудырған сияқты. "Гелик аламын. Тезірек жинауымыз керек" деп қуанған Әсел Асқарды желі қолданушылары әбден сынауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. "Кеше ғана менің гелигіме сбор ашқан едім. Бір тәулік өткен жоқ ақша жинап жатырсыздар. Мен шоктамын! Маған бір жігіт Гелик сатамын деп жазды. Бұл да тағдыр шығар. Мүмкін алдын ала төлем қалдырып кететін шығармын. Жақында гелик алып қалатын шығармын. Бірақ, бұл үшін тезірек жинауымыз керек", - дейді ол.
Бұл видеоны көрген жұрт "Мәдениетті қайыршы", "Біреуге жан, біреуге мал қайғы", "1 теңге де бермес едім", "Жетпегені осыларға машина алып беру" деген пікірлерін жазуда.
Кей оқырманы Әсел Асқардың бұл қомақты қаржыны көлікке емес, қайырымдылыққа беретініне сенімді. "Әсел, сіз сондай керемет, мөлдір адамсыз, бірақ мен қаржыны өзіңізге емес, қайырымдылыққа жинап жатқаныңызды сеземін", "Әсел шынымен ақша жинап, көлік алады десеңіз, қатты қателесіз. Ол ертең бәрін қайырымдылыққа жұмсайды. Ал мынау бар болғаны қалжың ғой", - деп жазды олар.
Ол тіпті армандап жүрген көлігіне өлең арнаған. "Сен менің арманымсың! Жанымда болған айғырымсың,Жаным…. Менің Геленім!", - деп жазған ол.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024