Басты жаңалықтар
Гүлмира Сатыбалды сотта жылап тұрып: Қайраттан үш бала тапқаным үшін мені жан-жақтан жазалап жатыр
- автор kyn.kz
- 19 сәуір, 2023
- 569
"Мен он балалы отбасыдан шыққанмын": Қайрат Сатыбалдының әйелі сотта жан сырын ақтарып жылады
Сотта жауап беріп жатқан Гүлмира Сатыбалды жеке басы мен өмірі, отбасы саясиланып кеткеніне ашынды. Ол өзі көпбалалы отбасынан шығып, Қайраттай жігіттің өзіне қарағанына алғашында қуанып кеткенін де жасырмады, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Мен көпбалалы отбасынан шыққанмын. Мен отбасындағы жетінші перзентпін. Сол себепті де Қайраттай жігіттің мені әйелдікке таңдағанына қуандым. Қайрат екеуіміздің арамызда үш бала бар. Үш балам жайлы әлемге мақтанышпен айта аламын. Мен оларды лайықты деңгейде тәрбиелеп жеткіздім. Мені қазір барлығы жан-жақтан сол үш баланы тапқаным үшін жазалап жатыр",- деді сот барысында Гүлмира Сатыбалды жылап тұрып.
Гүлмира одан әрі ажырасқаннан кейін Қайратпен байланыста болғанын айтты.
«Мен Қайрат Сатыбалдымен араласпадым деп айтпаймын. Мен онымен сөйлесіп, көмектесуін талап еттім. Ол әке ретінде балаларын лайықты қамтамасыз етті. Оқу мен пәтердің ақшасын төледі, үш бала да Америкада мектеп бітірді, Қазақстанда жоғары білім алды», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024