Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының уақыты анықталды

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының уақыты анықталды
ашық дереккөз
Биыл Ораза айттың бірінші күні 21 сәуірге түсіп тұр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша мешіттерде оқылатын айт намазының кестесін жариялады.
 width=
Ораза айт – барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам. Мейрам қатарынан үш күн аталып өтеді. Бұл күндері қазақстандықтар демалмайды.
Айттың алғашқы күні мешіттерде жамағатпен айт намазы оқылады. Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл оразаның аяқталғанының белгісі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар