Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев әкімдерге: Өз қалаларыңды жаяу аралаңдар

Тоқаев әкімдерге: Өз қалаларыңды жаяу аралаңдар
ашық дереккөз
Президент әкімдердің жауапкершілігін сынға алды. "Әр аймақтың өз ерекшелігі және «әлсіз тұстары» бар. Бірақ, әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайды, шешім қабылдаудан қашады"деді. Әкімдер өз аймағын жаяу жүріп, аралауы тиіс. Сонда ғана өзекті проблемалар дер кезінде шешіледі деді Мемлекет басшысы, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Жыл басынан бері 811 адам Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына келген. Олардың арасында барлық аймақтың тұрғындары бар,-деді Қасым Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының атына жазылған арыз-шағымдар саны үш жылда 2 есе өскен. Себебі, өңірлерде мәселе көп. "Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті. Ауыл тұрғындары таза сумен және тұрақты электр қуатымен толық қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ мобильді байланыс және интернет қолжетімді болуы керек",– деді Тоқаев. Барлық деңгейдегі әкімдер инвестиция тартуды және жұмыс орындарын құруды күнделікті ойлауы тиіс. Себебі, бұл қалалардың тез арада көркеюіне үлес қосады. Президент әрбір аймақтың өз ерекшелігі және «әлсіз тұстары» барын, бірақ , әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайтынын айтты. "Барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын жыл сайын бағалау жүйесін енгізу керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуы үшін азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату айрықша маңызды",– деді Тоқаев. Мемлекет басшысы ең өзекті деген түйткілдерді атап Нақты тапсырмалар жүктеді. Енді ол мүлтіксіз және уақытылы орындалуы тиіс. Әйтпесе салдары ауыр болатынын ескертті. "Алдағы жұмыстың басты өлшемі- Реформаның нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет",- деді Президент.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар