Басты жаңалықтар
Зілзала: алматылықтарға дабыл сөмкесін дайындау ескертілді
- автор kyn.kz
- 20 сәуір, 2023
- 514
20 сәуірде таңертең Алматы тұрғындарына дабыл сөмкесін дайындау ескертілді, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі.
“Осы бейсенбі сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін болады. Бұл ретте жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, жыл басынан бері өзінде 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау”, – делінген Алматы қалалық ТЖ департаментінің хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, алдағы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық жүргізілуде. Мәселен, бүгіннен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталып, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылмақ.
“Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі”, - деп хабарлады департаменттегілер.
Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, сондай-ақ ТЖ жағдайына дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын оңтүстік астанаға жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов Түркия мен Сирияда орын алған қайғылы оқиға Қазақстанға, әсіресе Алматыға үлкен сабақ болуы керектігін айтып, қала әкімдігіне сейсмикалық қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттеді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024