Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Күнде түйме ұрланады":Алматылық әйел 14 жыл зарыға күткен пәтеріне көшіп, тылсым күш өзін әуреге салғанын айтты

"Күнде түйме ұрланады":Алматылық әйел 14 жыл зарыға  күткен пәтеріне көшіп, тылсым күш өзін әуреге салғанын айтты
ашық дереккөз
Әйел әдейілеп киіміне түймені тас етіп тігіп, қарап отырған. Әр сағатта екі түймеден үзіліп түсіп отырыпты
Алматылық келіншек 14 жыл бойы армандаған үйіне кірген сәтте түсініксіз кедергіге тап болған. Оның сөзінше үйде тұрған киімдердің түймесі түгел сыдырылып түсіп қалабереді. Әсіресе сырт киімдерде түйме тұрмайды екен, деп жаздй "КҮН.КЗ" тілшісі. "Алматылық келіншек хат жазыпты. Қаланың жаңа ықшам ауданынан 14 жыл күткен пәтеріне былтыр кіріп, қоныс той тойлайды. Масайраған көңілі ұзаққа созылмады. Әлгі үйде түнде түйме тұрмайды. Иә, кәдімгі түйме. Үй иелерінің де, балалардың да сырт киім түймесін түнде біреу бір-бірлеп үзіп тастайды. Басында таң-тамаша қалған отбасы мүшелері қазір қорқайын деді. Үй иесі Сара апай соңғы рет жасыл пальтосына ақ түймені 100 қайтара іліп қадады. Бір сағаттан соң қараса 2 түйме үзіліпті. Арнайы қайта-қайта қадағалап, бақылап отырды. Сағат сайын қос түймеден жұлынып таңертең пальтосы түгел сыдырылып қалған. Егер түнде үстел үстінде бос түйме қалса таңға дейін түгел ғайып болады. Мазасы қашқан Сара апай молдаға дем салдырып, пәтерді айнала оқытты. Нәтиже жоқ. Қалай ойлайсыздар, бұл не (кім?) Әр үйдің домовойы жайлы бұрын бала кезімізде еститінбіз. Үйдің иесімен бірге киесі болады дейді қазақ. * Түймеге бола әкімдік басқа пәтер бермейтіні анық. 15 жылда әрең жеткен баспанадан айырылғысы тағы жоқ. Не істеймін, келіңізші, көмектесіңізші дейді келіншек. Сонда мен не істеймін, түймелермен алысамын ба?  Қай ықшам аудан екенін айтпай-ақ қояйын, әйтпесе, таңға дейін жарты тұрғын көшіп кетер",-дейді журналист Гүлмира Әбіқай.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар