Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шошқаның дәрісімен асыл тұқымды қойын емдеген шаруа 320 бас малынан айрылды

Шошқаның дәрісімен асыл тұқымды қойын емдеген шаруа 320 бас малынан айрылды
ашық дереккөз
Шаруа енді шығынды кімнен өндірерін білмей дал болып отыр
Түркістан облысында шошқаға беретін дәрімен қойын емдеген шаруа бір түнде 320 бас малынан айрылды. 20 жылдан бері асыл тұқымды қой өсірумен айналысатын ол ұсақ малдың іші өткенін айтады. Соны емдеу үшін мал дәрігерлерік дәріханадан шетелдік препарат сатып алған. Содан кейін ұсақ малы шетінен арам қатыпты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Қазірдің өзінде күніне оншақты бас өліп жатыр дейді кәсіпкер. Ветеринар дәрігердің емес, сатушының сөзіне сенген шаруа енді шығынды кімнен өндірерін білмей отыр. Бәйдібек ауданында 20 жылдан бері гиссар тұқымды қой өсірумен айналысатын шаруа қожалық бір күнде шаш етектен шығынға батты. Іші өтіп, бірлі жарым өле бастаған қойын емдеу үшін қожалықтың иесі ветеринарға емес, Шымкенттегі дәріханаға барыпты. Сатушы шошқаға беретін Аштил ұнтағы ұсақ малға таптырмас ем дегесін, “сөзіне сеніп қалдым” дейді кәсіпкер. "Сұйықтықтан қазіргі күні қайтып кетті бұл. Маған ұнтақ әрі арзан түседі, бір келісін 10 литр суға құясың да, қойға 10 грамнан, қозыға 5 грамнан деді. Бұл қозы жас қой әлі деп едім, онда 3 грамм сал деді. Сөйтіп 700 бас қойым, аналық бас, 500 қозыға салдым, 7-ден бастадым, 10-да біттім, дәрілеп бәрін. Болды, жақсы болды ғой енді деп кеттім. Кешкі 10-нан кейін тоқтамай өле бастады. Қарны кебеді, болды, ештеңеге көнбейді, топтоп әр шетте өле бастады",-дейді шаруа қожалықтың иесі Самат Кәдіров. Іші кепкен ұсақ мал әр жерде теңкиіп жатыр. Осылайша бір түннің ішінде 320 бас арам қатқан. Қалған қойдың қазіргі күйі де мәз емес. Тірі қалғанының сілекейі шұбырып, жем жеуден қалыпты. "340 бас өліп жатыр, міне. Тастап жатырмыз. Мына жерде 320 бас мал бар, көмілген мал. Мынау 20 бас, міне. Өртеп жатырмыз. Күніге қырылып жатыр 20дан 10-нан. Әкеп жатырмыз, әлі тоқтамай жатыр",-дейді шаруа қожалықтың иесі Самат Кәдіров. Малы қырылған кәсіпкер полицейлер мен ветеринарларды шақыртқан екен. Бірақ ветериналарлар шарасыз екенін айтты дейді. "Сол дәріден болған, бұл сол дәрің, шошқа мен тауыққа арналған деп, бәрі айтты. Бұны екі есе мқлшерде болған, ішін күйдіріп жіберді, ойбай, бәрін реттейміз деп, бәрін алды да кетті.Тап сол дәріден өлді деп дәлелдей алмаймыз деп, бәрі жоқ болды",-дейді шаруа қожалықтың иесі Самат Кәдіров. Ашулы кәсіпкер Шымкенттегі ветеринариялық дәріханаға да барды. Бірақ сатушылар кәсіпкермен дауласып, тілшілердің сұрақтарына ашық жауап беруден бас тартты. Ал мал өлігін “зертханада тексеріп жатырмыз” деген мамандар кәсіпкер сатушыға емес, ветеринарларға жүгінбегені қате деп отыр. Мал дәрігеріне емес, дәріхана сатушысына сенген кәсіпкер енді өлекселерді сараптамадан өткізуі керек. Егер 320 бас қойдың дәріден өлгені анықталса, шығынын сот арқылы дауламақшы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар