Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Петропавлда "Халық кеңесінің" үш мүшесі қамауға алынды

Петропавлда "Халық кеңесінің" үш мүшесі қамауға алынды
ашық дереккөз
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.
Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмге қатысты іс бойынша сот үш күдіктіні қамауға алды, деп жазды  «КҮН.КЗ» тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты үш айыпталушыға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, СҚО-дағы "Халық кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын.
18 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті "Халық кеңесінің" үш мүшесі ұсталғанын хабарлады.
Оларға Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстанның біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) айып тағылып отыр. Үшеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу материалдарына сәйкес, 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында "Халық кеңесі" тобына қатысушылар жиналған. Жиынға облыс орталығының 20 тұрғыны келді. Олар "өздерін Кеңес социалистік республикалар одағының ізбасарлары" деп жариялады.
Жиналыс барысында олар Қазақстаннан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық кеңесі декларациясын" қабылдаған. Онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитимділігін мойындамаған. Оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра, тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар