Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды
ашық дереккөз
Бұған дейін әлеуметтік желіде журналистердің балаларының видео үндеуі тараған болатын.
Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  "Жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ІІМ-нің ресми Telegram-каналында. Бұған дейін әлеуметтік желіде журналистердің балаларының видео үндеуі тараған болатын. Олар Владимир мен Наргиз Северныйдың қаладағы сауда үйлерінің бірінде олардың көз алдында ұсталғанын мәлімдеді. "Оларды формадағы бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті. Менің отбасымның ешқайсысы олармен байланысып, телефон соғып, не болып жатқанын біле алмайды, өйткені телефондары тәркіленді", – деді журналистердің ұлы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар