Басты жаңалықтар
Өскеменде көз айналасы әжімін алдыру үшін сұлулық салонына барған әйел қайтыс болды
- автор kyn.kz
- 22 сәуір, 2023
- 752
Салон қызметкерінде адам денесіне пышақ тигізіп, дәрі егуге рұқсаты болмаған
Өскеменде сұлулық салонынна көзінің әжімдерін алдыруға барған әйел қайтыс болды. Әйел көзіне ауырсынуды сездірмейтін дәрі егілгеннен бастап, өзін нашар сезіне бастаған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Аltaynews.kz-тің мәліметінше, 1962 жылы туған әйел көзге блефаропластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған. Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, процедураны жасаған. Кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болды.
Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
Қала прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024