Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутат Мұқаев жемқорлардан тәркіленген 670 миллиард теңге тағы ұрланып кетпеу үшін, қадағалау механизімін ұсынды

Депутат  Мұқаев  жемқорлардан тәркіленген 670 миллиард теңге тағы  ұрланып кетпеу үшін, қадағалау механизімін ұсынды
ашық дереккөз
Дәулет Мұқаев: Жемқорлардан жиналған ақшаның жұмсалуын халық сайт арқылы бақылап отыруы керек
Қаржы министрлігі апта басында таратқан ресми ақпаратқа сай шетел асқан, ұрланған 670 миллиард теңге ел қазынасына қайтарылған еді. Енді ол қаржы игілікті істерге бағытталып отыр. Осы тұста Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "жиналған қаржы желге ұшып кетпесін" деп дабыл қағуда. Жиналған қаржы дұрыс жұмсалуы үшін депутат өз ұсынысын да айтып отыр, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Қазіргі уақытта шетелдерге заңсыз кеткен, одан қала берді жемқорлардан тәркіленген ақшалардың жалпы сомасы (қаржы министрінің айтуынша) 670 миллиард теңгеден асып отыр.  Бұл ақша ел игілігі - соның ішінде мектеп салуға, мектептің жөндеу жұмыстары мен жабдықтарын алуға жұмсалады. Бұның бәрі қуантарлық жайт.
Бірақ, сол ақшаның қайтадан желініп кетпеуіне кім кепіл? "Жемқорлардың ақшасы желініп жатыр" деген жаңалық естімес үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан арнайы сайт ашылу керек. Яғни, халық (біз) ақшаның қанша, қайда кетіп жатқанын кез келген уақытта онлайн түрде бақылай алатындай мүмкіндік болу керек.
"Ооо, осынша сома мына мектепке, мына жерге (көшеге) осындай жылы мектеп салынады, мынша ақша анда бөлінді, қалғаны осы" деп біліп отыруымыз тиіс. Тіпті, сол мектептерді салатын мердігерлерге дейін... Бізге ашықтық керек! Қоғамдық бақылау күшейсе ғана нәтиже, сапа болатыны сөзсіз.
Ps: Бұл қарқынмен құзырлы органдар белсенді жұмысын жалғастыра берсе, жемқорлардың ақшасы жуық арада триллионға да жетіп қалады. Бұл аз сома емес",- деді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар