Басты жаңалықтар
Гауһар Әлімбекова: Анам 21 құрсақ көтеріп, мен әкемнің қыз аңсап жүріп әрең жеткен қызымын
- автор kyn.kz
- 23 сәуір, 2023
- 498
Гауһар Әлімбекова өнерден баз кешіп, сахнадан кетіп қалу себебін түсіндірді
Танымал әнші Гауһар Әлімбекова "Жібек жолы" арнасына берген сұхбатында өзі жайлы ешкім білмейтін деректермен бөлісті. біраз жыл алаяқтар құрбаны болған әнші отбасы, өнері туралы айтты. Біраз уақыт бұрын қайғыға салынып, күйзелістен әнші екенін ұмыта жаздағанын да айтты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Мен әкемнің армандап, аңсап жүріп жеткен қызымын. Анам жиырма бір құрсақ көтерген. Алты ұлдан кейін мен дүниеге келгенде әкем үш күннен кейін құлағымды тестіріп, сырға тағыпты. Өскенімше бар затымды әкем таңдайды екен. Содан әкем мені "Өз қолыммен ұзатамын" деп айтып отыратын. Оған тағдырым мынандай болды, жастайымнан ән салып қала аралап кеттім.
Әкем қайтыс болып кетті. Содан тойларда "Оралшы махаббат" әнін орындаймын. Ұзатуларда қызын ұзатып жылаған талай әкені көрдім. Неге қыз ұзатуға арналған ән шығармасқа деп ойладым. Содан осы "Ақ келін" хит әнім өмірге келді. Қай ұзатуға бармайын, ұзатылатын қызға барып "Барған жерде тастай батып, судай сің" деймін. Шүкір, мен ұзатқан қыздардың бәрі бақытты",- деді Гауһар Әлімбекова.
Әнші бірнеше жыл бұрын мулде тойға да шықпай, гитарасын қолға алмай жатып қалған кезін еске алды.
"Осыдан бірнеше жыл бұрын өнердегі, өмірдегі ағам Асылхан қайтыс болды. Содан қатты күйзеліске түстім. Сахнаға, өнерге еш қызығушылық болмады. Бар дүниеден баз кешіп кеттім",- дейді Гауһар Әлімбекова.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024