Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәтбаевта мектеп басшылығы бояудың бір құтысын 1,6 млн теңгеге сатып алмақ болған

Сәтбаевта мектеп басшылығы бояудың бір құтысын 1,6 млн теңгеге сатып алмақ болған
ашық дереккөз
Ұлытау облысында бір құты еден бояуын тендер арқылы 1 млн 600 мың теңгеге сатып алмақ болған мектеп басшылығының заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды  "КҮН.КЗ" сайты  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласындағы мектепте заң бұзушылықты анықтады. Білім ошағының есепшілері мемлекеттік сатып алу конкурсында бояу бағасын 70 мың есе артық көрсетіп, 1 млн 600 мың теңгеге сатып алғысы келген.
Құзырлы орган өкілдерінің араласуымен байқау қайта жарияланып, 18 құты бояу небары 47 мың теңгеге сатып алынды.
Департамент қызметкерлері осыған ұқсас тағы бір заңбұзушылықты Қаражал қаласында анықтады. Әкімдік 11 млн теңгеден аспайтын қызметтік көлікті 65 млн теңгеге сатып алуға конкурс жариялаған.
Айта кетері, биыл алғашқы үш айдың ішінде облыста 34 млн теңге шамасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар