Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әли Оқапов: Дауысымнан айырылдым, жақсы ән орындап жүргенде де ешкімге ұнамап едім

Әли Оқапов: Дауысымнан айырылдым, жақсы ән орындап жүргенде де ешкімге ұнамап едім
ашық дереккөз
Күйзелістің салдарынан тамақ ауруымен ауырып, дауысынан айырылған әнші әрі қарай не істейтінін айтты
Әли Оқапов Тимур балымбетовке бірнеше жыл бұрын  қатты күйзеліске түсіп, соңы тамақ ауруының ауыр түріне ұласқанын, содан кейін дауысы бұрыңғыдай болмай қалғанын айтты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Адамдар түрлі сын айтқанда аямайды. "Мына адам қандай күйде болады екен?" деп ойламайды да. Мен бұрындары қатты күйзеліске түсіп, жаным қиналатын. Қазір етім үйренді. Мен өзіме ұнайтын музыка әлемінен өзгелердің сыны үшін кете алмайды екенмін деген тоқтамға келдім. Бірақ, сондай бір қиын кездері қатты күйзеліске түстім. Оны тіпті саған да айтқан емеспін. өйткені мен өзім бөлек тұрамын, оны ешкім көрмеді де. Сол күйзелістің кесірінен алғашында ангина, одан әрі тамағым жағыммен қоса ісіп, екі апта сөйлей алмай қалдым. Ол кезде көлік жүргізе алдым. Өзім дәрігерлерге жүгіріп, бірнеше маманның алдынан өттім. екі апта өткенде дауысым шықты, сөйлей алдым. Бірақ, содан бері жоғары және төменгі нотада ән орындай аламын, орташа ырғақта орындай алмай қалдым. Содан бері бір қабағым дұрыс жабылмайды. Құрғап кетеді. Емделіп, алысып жүрмін. Қазір елдің сынына ондай қатты күйзеліспен, жатып қалатын мен емес. отбасым бар, ұлым бар. Тіпті болмай баражатса әлемді аралап, саяхатқа бет бұрамын. Өйткені қазір мен тек қара басымды ойлап, қалауымды жасауға қақым жоқ",-деді Әли Оқапов. Әли анасы Роза Рымбаеваның мықты әйел екеніне өзі тәнті екенін айтты. "Мен ол кісіні "Темір әйел" дейтін едім. талай сұрадым да, қалай елдің сөзін елемей жүретінін. "Әли, мен күйеуімді ішімдегі жеті айлық баламен жүріп жерлеген адаммын. Басқасы түк емес" деді. Ол кісі тамақ пісіргенді ұнатады. Түн ортасында тұрып бәліш пісіріп жүребереді. Елдің пікіріне қайғыру, көңілі түсу деген жоқ. Бастысы ойын ашық айтты, әрі қарай өз ісімен кетебереді, уақыты жоқ",деді Әли Оқапов.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар