Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өз еркімен оралды": Күдебаевтың ұлы мәлімдеме жасады (видео)

"Өз еркімен оралды": Күдебаевтың ұлы мәлімдеме жасады (видео)
ашық дереккөз
Арман мырзақұлов: Әкем елге өз еркімен келді
Шетелде ұсталды деген генерал Күдебаевтың ұлы әкесінің елге өз еркімен оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  "КҮН.КЗ" тілшісі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.
Арман Мырзақұлов тілшілерге сұхбат беріп, бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат тарағанын айтты.
"Әкем түнде Асанбек деген кіші ініме әкем звондап, балам мен сендерді жақсы көремін, еліме қайтып бара жатырмын, еліме өзім ораламын, қазір звондадым, мені осы жерде алып кетеді деп айтыпты. Ал бұқаралық ақпарат құралдары ұстады деп жазып жатыр", - дейді Мырзақұлов.
Еске салсақ, 3 сәуір күні Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланды. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды. 23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Кеше, 27 сәуірде бас прокурор Берік Асылов генерал-майордың ұсталғанын мәлімдеді.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ ақпарат агенттігі (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар