Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда бір топ жігіт бірін-бірі қыз үшін өлтіре жаздағаны белгілі болды

Алматыда бір топ жігіт бірін-бірі қыз үшін өлтіре жаздағаны белгілі болды
ашық дереккөз
Қыз үшін қып-қызыл төбелеске барғандар ұсталды. Алматыда екіге жарылып, бір-бірін соққыға жыққан жігіттер полиция бөліміне жеткізілген. Даудың басы жігітінен таяқ жеген бойжеткеннен басталған сыңайлы. Бұған бей-жай қарай алмаған сол маңда өтіп бара жатқан адамдар араша түскен. Нәтижесінде аясуыз соққының астында қалады. Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында түнде болған жағдай куәгерлердің телефонына түсіп қалған. Видеода 4 ер азаматтың бір адамға жабылып, жұдырық жұмсағаны анық көрінеді. Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кеткенін айтады. "Жедел басқару орталығының қызметкерлері оқиға орнына Полицияның патрульдік экипаждарын жіберіп, құқық бұзушылықты тоқтатып, оқиғаға қатысушылардың барлығын ұстап, Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізді. Сараптамалар тағайындалды. Төбелеске қатысушылардың әрқайсының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда",-деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар