Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Парадзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Парадзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
ашық дереккөз
Астанада парадзюдодан Азия чемпионатының жекелей сайыстары өз мәресіне жетті. 11 елдің 100-ден астам спортшысы J1 (көзі мүлдем көрмейтін) және J2 (көзі нашар көретін спортшылар) санаты бойынша өзара мықтыны анықтады.
Жекелей сайыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық медаль кестесінде екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Азия чемпионатының жекелей жарыстары бойынша медаль кетесіндегі үздік үштік келесідей:
Өзбекстан – 4 алтын, 6 күміс, 3 қола;
Қазақстан – 4 алтын, 4 күміс, 6 қола;
Иран - 3 алтын, 2 қола.
Атап айтқанда, Даяна Федосова (-57кг, J2), Ерғали Шамей (-73кг, J1), Альфия Тілекқабыл (-57кг, J1) және Жанбота Аманжол (-90 кг, J2) чемпион атанса, Ақмарал Науатбек (-52 кг, J2), Ерлан Конкиев (+90 кг, J2), Бауыржан Арыстанбеков (-90 кг, J1) және Ғалымжан Смағұлұлы (-90 кг, J2) күміс, Олжас Оразалы (-73 кг, J2), Динара Куджулова (-70 кг, J1), Зәуре Айтек (+70 кг, J1), Талғат Ажғалиев (+90 кг, J2), Ерлан Өтепов (+90 кг, J1), Дилором Диханова (-57 кг, J1) қола медаль еншіледі.
"Жекелей сайыс бойынша құрама жоспарды толық орындады. Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылардың басым бөлігі құрамаға биыл қосылған жас балуандар. Осындай әлемдік дәрежедегі алғашқы жарыстарына қатысты. Олардың кейбіреулері, мысалы Альфия саусағының сынғанына қарамастан күресіп, жанкештілік танытты. 16 жасында Азия чемпионы атанды", - дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.
Бүгін, 30 сәуір Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Азия чемпионатының командалық жарысы өтеді. Командалық жарысқа ерлер арасында алты, ал әйелдер арасында үш құрама қатысады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар