Басты жаңалықтар
Туған анасы мен әкесі жылап мазаларын алған 8 айлық қызды ұрып, өлтіріп алды
- автор kyn.kz
- 1 мамыр, 2023
- 508
Анасы мәйітті жасырып қойып, полицияға "Қызым жоғалды" деп хабарлаған
23 жастағы әйел мен 33 жастағы ер адам өздерінің ортақ 8 айлық қыздарын өлтірген, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі "Аргументы и факты" басылымына сілтеме жасап.
Басымның дерегі бойынша 28 сәуірде баланың туған анасы мен әкесі өз пәтерлерінде қыздарын ұрған. Қатты ашуға берілгендіктен олар баланы беті-жүзіне қарамай сабап тастаған. Балақай ұйықтап кеткен тұста олар оны өлтіріп алғандарын түсініп, мәйітті тығып қоюға тырысқан.
Қазір қатыгез әке мен ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Баланы өлтірген әйел мен ер адам өздері жанжалдасып қалған. Соңында анасы өзін жәбірленуші ретінде көрсетіп, баласының жолғанын айтып полиция шақырады. Келген полицейлер маскүнемдер отбасының шаңырағын іздеп, мәйітті тауып алады. Нәтижесінде ақиқат ашылып екі адамның үстінен қасақана, азаптап адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.