Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мөлдір Мұқан: "Кенжемді босанарда күйеуіммен қоштасып, төрт баланы аманат етіп өзіне тапсырдым"

Мөлдір Мұқан: "Кенжемді босанарда күйеуіммен қоштасып, төрт баланы аманат етіп өзіне тапсырдым"
ашық дереккөз
Мөлдір Мұқан кенжесін босанғандағы бойындағы қорқыныштарымен бөлісті
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан "Мамский әңгіме" подкастында өзінің кенже баласын дүниеге әкелерде, жұбайымен қоштасып, төрт баласын күйеуіне аманат етіп тастағанын айтып, естеліктерімен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Төрт балам бар ғой. Баланы дүниеге әкеліп жатып, жоқ болып кетсең... Бұл қорқыныштың қорқынышы. Қорқыныш қайдан келгенін білмеймін. Аллаға шүкір, жүктілік әдемі өтіп жатыр. Барлығы жақсы. Жай ғана есейгендік шығар. Есейгеннен болар. Анам өмірден ерте кетті. Сол қорқыныш бар ма? Анам еш ауырып, төсек тартып жатқан жоқ. Үйге келді де, қан қысымы көтеріліп, құлады. Содан үш сағат ішінде кетіп қалды. Сол жүрегімде қалып кеткен ғой. Менің өнер мектебім бар. Сонда білім алатын үш мың балаға жаңа жылдық концерт өткіземіз. Өзім ұйымдастырып, басы-қасында жүремін. Ертеңгілік кезінде перзентханаға бару керектігін түсіндім. Іштегі бір апай бар еді, ол да тезірек кетуімді сұрап жүр. Иә, кенжемді босанарда күйеуіммен қоштасып, төрт баланы тапсырғаным да рас. Күйеуімді құшақтап, қимай. Ол бір сағат бойы босанып қалар деген оймен перзентхананы айналып жүріпті. Екі жарым сағатта босандым. Ең оңай толғағым сол кенже ұлым болды", - деді Мөлдір Мұқанова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар