Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астана көшелерінің бірінде туды теріс іліп қойған

Астана көшелерінің бірінде туды теріс іліп қойған
ашық дереккөз
Астана көшелерінің бірінде туды теріс іліп қойған фото желіде тарап кетті, деп жазды KYN.KZ тілшісі press.kz сайтына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша елордадағы Қажымұқан көшесінің бойында, туды теріс іліп қойған. Елордалық тұрғындар бұны көргеннен кейін, фото видеоларды дереу желіге жүктеп көпшілікпен бөліскен. Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін 2022 жылдың қаңтарынан бастап айыппұл құны көтерілді — енді құқық бұзушылық болған жағдайда азаматтарға үш мың АЕК (10 миллион 350 мың теңге) айыппұл төлеуге тура келеді. Бұрын айыппұл сомасы екі мың АЕК болатын. Сондай-ақ, құқық бұзушылар қоғамдық жұмыстарға 900 сағатқа дейін тартылуы мүмкін.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар