Басты жаңалықтар
Атырауда әкесінің қолынан мерт болған үш баланың анасы қайғылы жағдай бойынша пікір білдіріп, жұртты шошытты
- автор kyn.kz
- 2 мамыр, 2023
- 512
37 жастағы қатыгез әке Қазақстанға Сириядан "Жусан" операциясымен жеткізілген екен
Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстаған болатын. Бұған дейін күдіктіге қатысты өзге ағымның жетегінде екендігі туралы әр түрлі деректер желіде көп тараған еді. Қазіргі таңда Жәнібек Есеновтың Сириядан "Жусан" операциясы арқылы елге оралғандығы анықталып отыр, және отбасына қатысты тың деректер пайда болды, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап. Жәнібек үш баласын өз қолымен пышақтап бауыздап өлтірген. Содан кейін мәйіттердің суретін әйеліне жіберген.
Көршілері бұл отбасының әкесі қысқа балақты, анасы бетін толықтай бүркеген ешкіммен сөйлеспейтін, тұйық адамдар еді деп түсіндірді.
Сұмдық жағдайдан кейін үш баласынан айрылған Айдана журналистерге болған жағдайға байланысты пікір білдірді.
"Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Бәрі "вахабис" дейді. Айта берсін. Маған бәрібір. Мен ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз ісіме жауап беремін. Болды.
Маған бәрібір. Балалар Аллахқа қайтты. Сол адамның себебімен Аллахқа қайтты. Болды", - дейді марқұм үш балақайдың анасы. Жәнібектің жат ағымның жетегінде кеткенін жақындарымен көршілері растап отыр. Таныстарының айтуынша олардың ұстанымдары бөлек, үнемі балаларыда, әйелі де тұмшаланып жүретінін айтты.
Полиция қызметкерлері де, Жәнібектің "Жусанмен" келгенін Атырауда "БРТ" болып тіркеуде тұрғанын растады.