Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист: Шымкенттегі Денсаулық сақтау басқармасы басшысы, Нұрлыбек Асылбеков орныңды босат!

Журналист: Шымкенттегі Денсаулық сақтау басқармасы басшысы, Нұрлыбек Асылбеков орныңды босат!
ашық дереккөз
Журналист Әлия Ортаеваның сөзінше өңірдегі тағы бір емханада былық көп, басқарма әрекетсіз отыр
Шымкенттегі  Асылбек Абибұллаұлы басқарып отырған Денсаулық сақтау басқармасына  тағы бір емхана ұжымының шағымын жеткізген журналист өз сауалына еш жауап ала алмағанын хабарлады.  Оның сөзінше Асылбеков тек ресми арыз-шағымдарды ғана заң аясында қарастырады екен. Тіпті қызметтік тексерістердің өзіне қандай да бір құжаттар керектігі айтылыпты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Осыдан кейін өңірге танымал журналист департамент басшысы Басқарманы тиісінше басқара алмаса орнын босатсын деген ұсынысын да айтып өтті.
"Журналист мекеменің заңды өкілі болып танылмайды екен. Сондықтан олар айтқан уәж бойынша ешқандай реакция жасалмайды. Медқызметкерлер арыз басқарманың өзіне жазбаса, олардың басқармаға айтып барған сөздері бойынша қызметтік тексеріс жасалмайды екен. Себебі, бас дәрігердің бұлардың үстінен арыздануы мүмкін екен. Қорықсаң, тәртіп орната алмасаң орныңды босат, Нұрлыбек Асылбеков. Шымкенттің денсаулық сақтау саласына тәртіп керек",-деді журналист.
Бұған дейін Әлия Ортаева қаладағы емханалардың біріне жаңадан келген Бас дәрігер қоластындағыларға қырғидай тиіп, жұмыстан қуып жатқанын айтқан. Журналистке  осы мәселені шешуге құлықсыздық танытқан Басқарма басшысынан дұрыс жауап болмапты.
Ортаеваның көтерген мәселесі:
"Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысының назарына! Шымкенттегі 11 қалалық емхананың "Кадрінен қадір кетті" деп естідік.
Ел президенті 2022 жылғы жолдауында медицина саласын сынға алды.
"Ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес,-деді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде.
Қалай мәз болсын, егер емханаға Гүлжанар Идырова сияқты бас дәрігерлер тағайындалып, алты ай толмай жатып, ондағы кадрдың "шаңын қағып" жатса... Қаншама  маманды расында да алмастырып тастаса... Елге бас дәрігерден бұрын үйреніскен ақхалаттының қажеттілігін біз ұққанмен, бұл ханым білмейді деуден аулақпыз. Бұрынғылардың несімен жақпай қалғанын да зерделеуді тиісті органға тапсырармыз. Мұның астарында қандай да құйтырқылық бар ма, жоқ па кім білсін.
Қазығұрттағы "қуықтай" мекемеден жаңа басшы келгелі береке кетті" дейді, былайғы жұрт. Ішіндегі әділетсіздікке де кезек келер, болса егер... әзірге "Алты айдың ішінде қанша кадр ауысты? Олар саған несімен жақпай қалды, Идырова?" деген сауалға жауап күтеміз.
Президент жұмыссыздықты жою үшін барын салып жатыр. Ажар Ғинаят ханым, бұл саланың шын жанашыры, байсалды байыппен басқарып келе жатқанымен ерекшеленеді. Біз естіген әңгіме (әзірге біржақтама болып тұр) Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысына опа әпермейтінін де біліп отырмыз.
Басшылық қызмет біреуді балағаттаудан, ғайбаттаудан тұрмайды Гүлжанар ханым. Мен айтқан лауазым иелерінің саясатына қарсы жұмыс істеп жатырмын деп ойламайсың ба өзіңді? Бұл сауал! Мәлімдемені осы посттың астында күтемін. Жалпы менің пікірім, бірталай маманды (егер шығарып жібергені расталса) жұмыссыз қалдырғаннан гөрі, бір басшыны ауыстырып тастаған жақсы емес пе? Бірнеше отбасын шырылдатпай... Осындағы бас дәрігерге № 11 емхананың орынтағын сатып алмаған соң, медперсоналдарын шығарып жіберіп, басқасын алудың не қажеті бар еді?",-деген сұрағын журналист Әлия Ортаева  Министрден бастап, қалалық департамен басшысына қарата қойған еді.
Бұған дейін "КҮН.КЗ" редакциясынан көмек сұрап қаладағы № 4 емхананың Бас дәрігері міндетін атқарған Гүлмира Нұрбекова хабарласқан болатын. Бір жылға жуық көтерілген мәселе әлі шешімін таппады. Ол өздеріне тағайындалған Бас дәрігердің заңды талаптарды бұзып, жылы орнына жайғасқанын айтқан. Осы бойынша сотқа арыз түсіріп, бірінші аудан аралық сот Гүлмира Нұрбекованың пайдасына шешіп берді. Енді жауапты тарап апелляциялық шағым өткізген. Бірақ Нұрбекова осы шағым үшін бүгінгі күні Абибұллаұлы мен қазіргі Бас дәрігерден түрлі қысымдар көріп жүргенін айтуда. Бұл уәжге қатысты Басқарманың баспасөз өкілі Лаура Нақып редакцияның сұрағына агрессия көрсетіп, хат талап етті. Хат жолданғанына жарты айдан асты еш жауап жоқ. Баспасөз өкілі ешқандай телефон қоңырауларына жауап бермей жүр.
Бұдан бұрын өңірдегі ең абыройлы дәрігерлердің бірі Абылай Донбай да редакциямызға видео үндеу жазып, Тоқаевтан көмек сұраған еді. Сыйлы дәрігер Донбай да Асылбеков тарапынан айтарлықтай қысым көріп, отаға кіруге қорқып жүргенін жыларман болып айтқан еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар