Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Орынбек:Үш баласын күйеуі өлтірген анамен дереу психолог, теологтар жұмыс істеуі керек

Айгүл Орынбек:Үш баласын күйеуі өлтірген анамен дереу  психолог, теологтар жұмыс істеуі керек
ашық дереккөз
Заңгер: Осылар жайлы айтсам прокуратура менімен айналысып кетеді. Бұларды неге зерттемейді?
Заңгер Айгүл Орынбек үш баласын күйеуі өлтіріп тастаған әйелдің жауабына қарап, көп дүниені түйюге болатынын меңзеді. Өйткені әйелдің жауабы өте суық қанды болған. Заңгер осыған дейін Қазақстанда жат ағым жетегіне кеткендер көп, әрі олар қоғамға, айналасы мен бүтін елдің болашағына өте қауіпті дегенді талай айтқан.  Бірақ, үнемі құзырлы орган оның сөздерін дәйексіз деп, өзіне қарсы әрекеттер көрсеткен екен, деп жазды  "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Неге түстен кейін байбалам сап, ойбайлап жатсыңдар? Солардың қолында билік болғанда, біреуің бұл тақырыпқа қарсы жазбайтын едіңдер ғой?! Енді ойбайлауға тым кеш….!Біз осындай миы уланғандардың арқасында 50 жыл артқа кеттік…!
Тіпті осылардың Сирияға кетуіне тікелей “мұрындық” болғандар әлі де “уағыз” айтып, бостандықта талтаңдап жүр !
Біз бір ауыз сөз жазсақ, қылмыстық іс ашып шыға келетін ПРОКУРАТУРА бұларға келгенде - неге қауқарсыз екенін әлі күнге дейін түсінбей келемін! Немесе бұлардың биліктегі “ҚОРҒАУШЫСЫ” мен “ҚОЛДАУШЫСЫ” кім?
Неге теріс ағымда жүргендерді түбімен құртатын ЗАҢ шығармайды?
Әлде миы уланған топас халықты билеу, айдауға көндіру - “ыңғайлы” деген “саясат” па бұл?
Онсызда ОТ болып тұрған Батыс жаққа Сириядан келгендерді әкеліп “төгіп”тастадыңдар…
НӘТИЖЕСІ: Айналдырған үш жыл ішінде 70% халқы оранып шыға келді!
Осы ма еді армандарың?
Батыс халқының миы уланып, көтеріліске шықпай тыныш жатсын дедіңдер ме?!
Елімізге “Жусан” операциясымен келгендерге бейімдеу үшін қандай жұмыстар жасалып жатқанын зерделеп жатқан біреу бар ма? Әлде әлем алдында гуманды елдің түр-сипатын көрсету үшін жасалған тағы бір көзбояушылық па?
Өз жергілікті халқына жұмыс таппай көтеріліп жатқан аймаққа, адамның басын кесіп, тірідей өлтіріп жатқандардың елінен бұларды не үшін әкелдіңдер?
Өз балаларын балталап өлтірген “хайуан” қаншама жастардың миын улап үлгерді екен?
Өзінің бауыр еті-баласын аямағандар - басқа халықты аясын ба?
“Маған бәрібір. Балалар Аллаһқа керу қайтты. Сол адамның себебімен Аллаһқа қайтты. Болды", - дейді қара жамылған ана…! Дені дұрыс адамның айтатын сөзі ма? Мына әйелмен шұғыл түрде психолог, теологтар жұмыс істеу керек!",-деді заңгер Айгүл Орынбек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар