Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте ер адам кішкентай балаға шабуыл жасады

Шымкентте ер адам кішкентай балаға шабуыл жасады
ашық дереккөз
Күдікті ұсталды, қазір уақыша ұстау изоляторында жатыр
Шымкентте полицейлер кәмелетке толмаған балаға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды  ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған сәті түскен видео тараған еді. Анықталғандай, оқиға 1 шілде күні болған.
Видеодан ер адамның баланы кіреберіске кіргізіп, артынша онымен бірге баспалдақтың артына жасырынғаны көрінеді. Кейін бір әйел тұрғын үй кіреберісіне кіргеннен кейін, ер адам сыртқа қаша жөнелген. Әйел оның артынан қуады. Бұл кадр сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. "Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Полицейлер барлық қажетті іздеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде дәл сол күні күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр", — деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі. Қазіргі таңда сараптама белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар