Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өмірдегі жұбайымен жас айырмашылығы ерекше отандық жұлдыздар

Өмірдегі жұбайымен жас айырмашылығы ерекше отандық жұлдыздар
ашық дереккөз
Танымал азаматтар осындай ерекшелік арқылы махаббат жасқа қарамайды дегеннің дәлелі болып отыр
Талай жырда, әнде арналған махаббатты әркім өзінше сезінеді. Елестетеді, сипаттайды. Бірі ғашықтыққа шектеу жоқ десе, өзгесі жасқа да, ұлтқа да мән беру керек деген нұсқаны қолдайды. Әркімнің өз пікірі бар. Бүгін Comode сайтына сілтеме жасай отырып KYN.KZ  жасқа мән бермеген ғашықтарды сараптайды.

Асанәлі мен Бағдат Әшімовтер отбасы

 width= Аты аңызға айналған Асанәлі Әшімов пен отанасы Бағдат ханымның жас айырмашылығы үлкен. Алайда, актердің жары махаббат жас пен кәріні талғамайтынына кәміл сенімді. “Алғаш рет Асекеңмен шипажайда таныстық. Ол кісі кезекті емін қабылдауға келген кезде мен медбикелік қызмет атқардым. Ешқандай да кәрі-жас немесе бай-кедей деп таңдаған емеспін. Асекеңмен сөйлесіп, әңгімеміздің оңай жарасқанын байқадым. “Жан бөлек” кітап бір түнде көз ілместен оқып шықтым. Сол кітаптың ішінде жүргендей Асекеңнің жан-дүниесін түсіне білдім. Осындай абыз актердің бабын жасап, шабыт беріп, қолдау көрсетіп, жалғыздықтан құтқарғым келді. Әлі күнге ғашықпын. Сыйлаймын” - дейді Асанәлі Әшімов пен Бағдат ханым осыдан 15 жыл бұрын шаңырақ көтерді. Бүгінде аяулы жұптың Асанәлі есімді ақмінерлері мен актердің алдыңғы некесінен дүниеге келген Сағина есімді қыздары бар.

Дәурен мен Ақбота

 width= Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұрдың махаббат жыры бақтарына орай бақытты аяқталды. Алайда, осыған дейін даудың басы – Дайрабайдың көк сиырының күйін кешкен еді. “KeshYou” тобының экс-әншісі Ақбота-Нұр мен актер Дәуреннің махаббат хикаясы сонау «Гламур для дур» фильмінен басталды. Сезімге мас болған қос жұлдыз неке қиып, Ибраһим есімді батырға өмір сыйлады. Бәрі мұнымен біте қоймады. Ғашықтар өзара түсінесе алмаса керек, тоғысқан жолдары бірнеше рет бөлінген еді. Алайда, қуған – жетпес, бұйырған – кетпес. Жуырда жас жұбайлар заңды некеге тұрып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Ізін суытпай тұңғыштарының тұсаукесер рәсімін дүркіретіп өткізді. Болашақта көпбалалы болуды армандайтын жұлдызды жұп қазір шығармашылыққа білек түріп кірісіп, бірге кезекті кинокартинаға түсіп жатыр екен. Айтпақшы, Дәурен Ақботадан 14 жас үлкен.

Асхат пен Әлия

   width= Әнші Асхат Тарғынның алғашқы некесі сәтсіз болды. Алайда, тұңғыш қызымен байланысын үзбей, әкелік парызын атқарудан бас тартқан емес. Мұны күллі ел біледі. Ауызы күйген – үрлеп ішеді. Сондықтан, Асхат асықпай таңдады. Таңдауы өзінен бір мүшелге кіші Әлия есімді аруға түсіпті. “Махаббат жасқа қарамайды. Бірақ, солай екен деп өзінен 20-25 жас кіші қызды алу ұят болар. Әрі кетсе 10-15 жас айырмашылығына қарастыруға болады. Өзімнің әйелім 13 жас кіші болса да, маған қажет кезде сырлас, мұңдас, дос бола алады. Одан бөлек жолым үлкен болғандықтан сыйластық та ерекше болады. Әрине, өзінің ойын айтады. Алайда, артық сөз таластырмайды. Алып қашқаным рас. Бірақ, өзара келісіммен. Себебі, ұзатудың уақытын ұзаққа созып жіберді. Сондықтан, бәрінің тез болғанын қалап, алып қаштым. Бірақ, үйде еркектің жасы үлкен болғаны дұрыс деп ойлаймын. Үлкен қыз-келіншектерге үйленетін ерлерді көп қолдамаймын”, - дейді

Мәдина мен Олжас

 width= “Кінәләп, тек, мені, болмашы өкпелі, сенің маған қолың емес, жасың жетпеді”, - деп Мәдина мен Төреғали әндеткен еді. Алайда, өмірде Мәдина Сәдуақасова ғашық жас жігіттің жасы жетпесе де, қолы жетті. Әншінің жолдасының есімі – Олжас. Жұбайлардың жас айырмашылығы - жеті жыл. Отағасымен отандық телеарналардың бірінде бірге қызмет жасаған. Жігіт – режиссер, Мәдина – тележүргізуші болады. Бірнеше жылдық таныстық күндердің күнінде достыққа, кейін махаббатқа ұласады. Сезімдеріне сенімді жұп 2014 жылы шаңырақ көтерді. Бүгінде Ануар есімді ұлдары бар. Бақытты отбасының арманы – көпбалалы ата-ана болу.

Ерлан мен Баян

   width= Ерлан мен Баянның махаббаттары үлкен хикая ғой, шіркін. Продюсер мен әнші болып жұмыс бастаған әншілер ортадағы сезімнің қашан және қалай басталғанынан бейхабар. Ең бастысы, Баян өзінен үш жасқа кіші Ерланның азаматтылығы мен адамгершілігіне ғашық болған. Алғашқы қадамды жасы кіші болса да Ерлан жасаған. Алайда, әншінің алдына келіп тізерлеп ұсыныс жасауға Орынбасаровтың жігері жетпеген секілді. Себебі, ол өзінің сезімін sms хат арқылы білдіріпті. Баян да мұндай ұсынысқа аса таңқалмаған. Өйткені, бұған дейін де жігіт өзінің сезімін кей іс-әрекеттерімен, жылы сөздерімен сездіріп жүріпті. Алғашқыда некелерін жасыруға тырысқан Ерлан мен Баянның бұл ниеті іске аспады. Халық қос ғашықтың махаббаттарын көздерінен түсініп қойғандай. Бүгінде жұлдызды жұптың қосы ұлы бар.

Қайрат пен Жұлдыз

   width= Он жыл көптен жасырған Қайраттың Жұлдызы өзінен бір жасқа үлкен. Бүгінде көрермен көзайымына айналған отбасылық жұптың екі қыз, екі ұлдары бар. «Жүреккке әмір жүрмейді. Ал, ғашық болатын кезде жүрек ақылдан оның жасы мен ұлтын сұрамайды. Тарихта әйелі ерінен немесе ері әйелінен 10-15 жас үлкен жұптар көп. Сондықтан, шошудың қажеті жоқ. Ең бастысы, "еркек – үйдің иесі, әйел – оның шегесі екенін" ұмытпаса болғаны», - дейді Жұлдыз.

Мереке мен Арсен

 width= Соңғы кездері ел аузында жүрген жұп – Мереке мен Арсен. Иә, КВН ойыншылары ойламаған жерден хит болып кетті. Оған себеп – жас айырмашылықтары. Арсен Мерекені 2013 жылдан бастап ұнатыпты. Ал, үш жылдан соң кездескен қос Жайдарманшының әңгімелері де, көңілдері де жарасыпты. Нәтижесінде, қыз-жігіт болып қол ұстасқан қос ғашық үлкен өмірге бірге қадам басуға бел буған. Бірі Мереке жігіттің басын айналдырып алғанға баласа, өзгесі Арсен байлыққа қызығып үйленді деп жорып жүр. Ал, жас жұбайлар сезімге билік пен бұйрық жүрмейтінін дәлелдегендей.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар