Басты жаңалықтар
Түркістан облысында қатты жел колледждің шатырын жұлып әкетті
- автор kyn.kz
- 5 мамыр, 2023
- 859
Түркістан облысының Кентау қаласында қатты жел политехникалық колледждің шатырын ұшырып әкетті.
Шатыр құлаған кезде көршілес құрылыс, қоршаулар мен "Қазақтелеком" АҚ ғимаратына зақым келді, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Кентауда желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетті. Ауа райының қолайсыздығынан электр желілері істен шықты, 15 822 абонент электр қуатынан ажыратылды.
Ал Шымкентте Әл-Фараби ауданында қатты желдің салдарынан ағаш көліктің үстіне құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін "Қазгидромет" Түркістан облысында жел күшейетіні туралы дабылды ескерту жариялаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




