Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде медбикенің басына ауруханадағы ескірген сылақ құлап, жарақаттады

Ақтөбеде медбикенің басына ауруханадағы ескірген сылақ құлап, жарақаттады
ашық дереккөз
Медбикеге жатып емделуді ұсынған, бірақ ол жеке клиникада емделіп жатыр
Ақтөбе облысы Қарғалы қалалық ауруханасының төбесі медбикенің басына құлап кетті, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
"16-кабинетте гипсокартон сынықтары бар сылақ құлады. Қызметкер жұмыста өндірістік жарақат алды. Оған арнайы медициналық көмек көрсетілді. Нейрохирург қарап, ауруханаға жату қажеттігін айтты, науқас бас тартты. Оған біздің ауруханаға жатуды ұсынды, бірақ ол жеке клиникада емделіп жүр", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомствоның айтуынша, мейірбике мемлекеттік емес, жеке клиникада емделуді жөн көріпті. Оған жарақат алып, емделген күндерге толық мөлшерде жалақы төленген. Дәрі-дәрмек шығыны өтелген.
Қарғалы қалалық ауруханасының әкімшілігі болған жағдайға өкініп, қызметкердің барлық моральдық және материалдық шығыны өтелетінін мәлімдеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар