Басты жаңалықтар
Суреттен бірінші қай жануарды көрдіңіз? Психологиялық тесттен өтіп, өзіңіз туралы бар шындыққа көз жеткізіңіз
- автор kyn.kz
- 5 мамыр, 2023
- 454
1. Жираф. Ізденімпаз, ерекше жансыз. Сізге тең келер жан жоқ. Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Себебі ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды дамытыңыз . Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
2. Арыстан. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындыққа жаныңыз құмар.
3. Түйе. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ойлайсыз.
4. Піл. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Осы іс әрекеттен кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сізді бағаламай жүрген жандар жаныңызда өте көп.
5. Доңыз. Жарысып келесіз. Не әріптесіңізбен, туысыңызбен, не досыңызбен. Үнемі жарыс үстіндесіз. Бұл сіздің ең үлкен мативацияңыз. Ендігі кезек өз-өзіңізбен жарысып жаман әдеттеріңізді жеңіп көріңіз.
6. Жылқы. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. Сіз кез-келген кештің отырыстың сәнісіз. Кез-келген адаммен тез тіл табысып кетесіз.
7. Аю. Қазір жаныңызда тыныштық бар. Бәрі байыппен. Орынды жүзеге асып келеді. Тек күтіңіз. Сіз күткен бақ алыста емес. Асығамын десеңіз айырылып қалуыңыз мүмкін. Сабыр! Кішкене табандылық керек сізге сонда ғана көптен күткен жұмысыңыздың жемісін көресіз.
8. Ат. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сізді мазалайтын мәселелер өте көп. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз., керісінше оларға көмектесуге дайын тұрасыз. Сіз өзіңіз жөн көрген заттарды ғана жасайсыз. Басқалардың айтқанына сіз құлақ аса бермейтін ерекше жансыз.