Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Досымжан Таңатаров басышылық қызметке тағайындалды

Досымжан Таңатаров басышылық қызметке тағайындалды
ашық дереккөз
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Досымжан Таңатаров Астанадағы Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалды, деп жазды KYN.KZ тілшісі Бұған дейін Жастар театрын актер Әділ Ахметов басқарған болатын. Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. «Мәдениет қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері». Ол 2000 жылдан бастап ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар