1xadv

Астанада 3-қабаттан құлап кеткен бүлдіршінді көршілері құтқарды

ашық дереккөз

6 мамыр кешке Астанада екі жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті.
Бұл кезде анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған. Үйде болған әкесі бала терезені қалай ашқанын байқамай қалған.
 width=
"Терезеде ілініп тұрған баланы көршілері көрген. Олар көрпе жайып, құтқарып қалды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бойжеткен орташа ауырлықта ауруханаға жатқызылды.
"Бір күн бұрын қыздың туған күні болған. Енді ол екі күн қатарынан туған күнін атап өтеді", - делінген хабарламада.

Loading...