Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айдай Исаева 800 миллион теңге тұратын пәтерін көрсетті

Айдай Исаева 800 миллион теңге тұратын пәтерін көрсетті
ашық дереккөз
Танымал тележүргізуші Айдай Исаева алғаш рет көпшілікке үйін көрсетті,  пәтерінің 280 шаршы метр екенін және құны 800 млн теңге екенін "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында айтып берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Үйдің орналасқан жері жақсы. Шырша, өсімдіктер, тұрған жері, өзіміз таулы жерді ұнатамыз. Үй бес бөлмелі, 280 шаршы метр. Енді тағы кем дегенде 500 шаршы метр үйге көшеміз деген ойдамыз. Біз ғана емес, көмекшілер қонып жұмыс істейді. Содан кейін үйде бірнеше қыз бірге тұрамыз. Осыдан кейін кеңейтуге бел будық. Жолдасым іссапарда, басқа елде. Екі бала қарайтын күтушім бар. Алдында екі бала қарайтын күтуші бірге жұмыс істейтін. Қазір кезек-кезек жұмыс істейді, бір бала күтуші, бір үй көмекшісі", - деді Айдай Исаева. Сонымен қатар Айдай Исаева үйінің құны 800 млн теңгеге бағаланатынын да атап өтті. Ал бағдарлама жүргізушісі Анна Данченконың айтуынша, үй қымбат ауданда орналасқан. "Үй он жыл бұрынғы жөндеу жұмыстарымен тұр. Бұл үйдің бағасы өзгерген жоқ. Жолдасым өзі - сатып алушы, өзі - сатушы. Үйдің құны кем дегенде 800 млн теңге", - деді тележүргізуші.  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар