Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Мақсатқызы: "Әкеме тік қарай алмайтынмын"

Баян Мақсатқызы: "Әкеме тік қарай алмайтынмын"
ашық дереккөз
Баян Мақсатқызы:"Әкем тірі кезінде, қолымнан келгеннің бәрін жасадым"
Отандық бағдарламалардың бірінде  танымал продюсер Баян Мақсатқызы жақында бақилық болған әкесі туралы естеліктерімен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Әкем қайтыс болды" , деген суық хабарды естігенде мен шет елде едім. Сол кезде өзіме қойған бірінші сұрағым, "әкем үшін қолымнан келген дүниені жасай алдым ба?" деген сұрақ. Қыз баланың міндеті ретінде,  деп айтсам болады. Әкеме ешқашан дөрекі сөйлеген емеспін. Қанша бостандықты жақсы көретін адам болсамда,  әкемнің  көзіне тік қарай алмайтынмын. Өйткені әкеме деген құрметім ерекше еді. Өзімді сыйлайтын адам ретінде, әкемнің тірі кезінде сол кісінің жағдайын жасау үшін, қолымнан келгеннің  барлығын жасадым деп ойлаймын, - деді продюсер. Мақсат Мұхитденов 1965 – 1967 жж. Алматы эстрада студиясын бітіргеннен кейін, 1967-1974 жылдары алдын Орал облыстық филармониясында, кейін ҚазССР Мемлекеттік ән-би ансамблінің әншісі болып жұмыс істеді. Сол кезде жазылған әндері қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы. Мақсат Зайлағиұлы дыбыс жазу өнерінің қыр-сырын жоғары деңгейде меңгерген, қазақ өнеріне жаңа заманғы сандық күйтабаққа жазу өнерін алғаш енгізген, сонымен қатар өзінен кейін көптеген шәкірттер тәрбиелей білген нағыз қазақ өнерінің тарланы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар