Басты жаңалықтар
Әнші Шахизада Ерболатпен не себепті үйленіп, не үшін ажырасқанын түсіндірді (видео)
- автор kyn.kz
- 12 мамыр, 2023
- 1.2k
Шахизада: Тура қазір көпшілік Ерболат екеуміз бірге емес екенімізге сенбей отыр
Танымал әнші Шахизада осыған дейін көпшілік онша тани қоймаған Ерболат есімді жас жігітке тұрмысқа шыққанын хабарлаған еді. Кеше ғана әнші Ерболат өзінің өмірлік жарын көпшілікке көрсетіп, сүйіктісін халыққа таныстырған еді. Халық бірден жас жігітті Шахизаданы тастап кетті деп айыптай бастады, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Әнші Шахизаданың өзі болса жағдайды былай түсіндірді.
"Біз Ерболат екеуіміз үйленген жоқпыз. Өзім қаншама жыл бойын ән салып жүріп, еш танылмай жатқан ініме көмек мақсатында "Үйлендік" деген әңгіме шығардық. Көпшілік әр әйел бақытқа лайық деп, маған жақсы тілектерін ақтарды. Рақмет. Ерболаттың отбасында қиын жағдайлар болып, оның әнге деген құлшынысы қалмай қалған еді. Ынталандыру мақсатында жасадық. Оның Мереке есімді сүйіктісі бар",-деді әнші Шахизада.
Әншінің осы жағдайды түсіндірген видеосы Телеграм арнамызда.